Атырау облысында 65 жастағы ер адам Кеңес Одағы кезіндегі құжатпен жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress-ке сілтеме жасап.
Индер ауданының тұрғыны биыл ғана емделуге және зейнетақы алуына байланысты жеке куәлік жасатуды ұйғарыпты.
"Индер ауданының полиция бөлімі бастығының нұсқауы бойынша көші-қон қызметі тобының аға инспекторы 65 жастағы азаматқа жеке куәлігін жедел дайындап, тапсырды. Былтыр Құрманғазы ауданында осындай 3 жағдай тіркелді", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін 52 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алғаны хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!