Атырау облысында ер адам егде жастағы туған әкесін азаптады деп айыпталып отыр

Атырау облысында ер адам егде жастағы туған әкесін азаптады деп айыпталып отыр
Фото: instagram.com/atyrauoil.news/

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ер адам туған әкесін соққыға жықты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті Instagram арналардың бірінің мәліметіне сүйенсек, бұл жағдай тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл тұрғыны туған баласынан ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көріп келген.

"Егде жастағы азаматтың денесінде көптеген көгерген із бар. Оның жүріп-тұруы қиындап, әрең қозғалатын жағдайға жеткені айтылып жатыр. Жақындарының мәліметінше, қарияның ақыл-есі дұрыс, өз жағдайын түсініп отыр. Алайда ұзақ уақыт бойы көрген қысым мен соққы оның денсаулығына кері әсерін тигізген", - деп жазылған мәліметте.

Атырау облысы Полиция департаменті өкілі редакцияға осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

"19 маусымда дене жарақатын салу дерегіне қатысты "Ұрып-соғу" бабы бойнша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соқты деп айыпталған ер адам сотталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget