- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында ер...
Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жалаңаш видеосын таратамын деп қорқытқан
Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін жалаңаш видеосын таратамын деп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ер адамды қорқыту (ҚК-тің 115-бабы), тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚК 149-бабы 2-бөлігі) баптары бойынша кінәсіз деп танып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты ақталды.
Дегенмен ол өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі), 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.
Сотта сотталушы мен жәбірленушінің арасындағы заңды неке бұзылып, ортақ некедегі кәмелетке толмаған 5 бала анасының қамқорлығында қалғаны анықталды.
"Неке бұзылғаннан кейін ер адам түнде бұрынғы жұбайы әпкесімен бірге тұрып жатқан үйдің ауласына заңсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесінен олардың жалаңаш бейнесін түсіріп алған. Келесі күні ол бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, ол жерде ортақ үй құнының бір бөлігін беру туралы қолхат жазуды талап еткен, ал бас тартқан жағдайда түсірілген видеоны интернет желісіне таратамын деп қорқытқан. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, өзінше билік еткен", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Сонымен қатар, қазір ішкі істер органдары сотталған адамға қатысты баласын өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны анықталды.
Дегенмен сотта кейін сотталушыға қатысты үкім өзгеріп, ол ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ер адам сот залынан дереу қамауға алынды. Жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.
Осылайша апелляция бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова