Атырау облысында ер адам аңшылықта қайтыс болған

Атырау облысында ер адам аңшылықта қайтыс болған
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде "Атырау облысында аңшы байқаусызда танысын атып өлтіргені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұл жайт Қызылқоға ауданында болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші көз жұмғаны айтылды.

Полиция пікірі

Өңірдің Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.

"Қызылқоға ауданы полиция бөлімі Аққора елді мекенінің маңында болған оқиғаға қатысты адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады. 36 жастағы күдікті қамауға алынып, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget