- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында екі...
Атырау облысында екі компания бірнеше адамнан 650 миллион теңге иемденді деген күдікке ілінді
Атырау облысында Nazik group ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшыларына қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 миллион теңге салған 30-дан аса адамның қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Үлескерлер 2 жыл бойы баспана ала алмаған.
Бұл серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Облыс прокуратурасы "әрбір азамат қырағылығын білдіруге тиіс және объектив хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет" екенін айтты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Тағы да оқи отырыңыз: Сөз арасындағы кідірістің қандай түрлері бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек