- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында Доссор...
Атырау облысында Доссор - Құлсары тасжолын су шайып кетті
Фото:
ҚазАвтоЖол
Атырау облысында Доссор - Құлсары тасжолын су шайып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 Доссор - Құлсары тасжолының 101-шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып өткен.
"Қазір еріген қар суын ағызу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 10 адам мен 4 техника жұмылдырылды", - деп жазылған ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар, Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолының 4-119 шақырымында көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова