- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында бірнеше...
Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Атырау облысы Жылыой ауданында бірнеше күн бұрын жоғалған азаматтың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен.Ол 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында "Ккоммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан.
"Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекен-жайынын шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы