- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында бірнеше...
Атырау облысында бірнеше ауылды құм басып қалуы мүмкін
Атырау облысындағы алты ауыл құм астында қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" сілтеме жасап.
Қарабау ауылына құм төбелерінен кедергілердің болмауына байланысты қауіп төніп тұр. Жергілікті билік ауыл тұрғындарын бархандардан қорғау үшін 40 гектар аумаққа сексеуіл өсіріп, тірі қоршау қоймақшы.
"Бұрын бұл жерде құдық болған, оны құм басып қалды. Қазір ең жақын ұңғыма ауылдың шетінде. Мал бағатын жер жоқ. Ал жел көтерілгенде шаңды дауылдан қашамыз", - деді жергілікті тұрғын Нұралы Өміров.
Қарабау ауылын шаңды дауылдан құтқару жұмысы 2015 жылы басталған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1,5 миллион теңгеге қаңқалы қорған салынғанымен, 8 жылдан кейін қорған жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
"Ең қауіпті орындар анықталды, бірден бірнеше ауылды жерге орналастыру жобалары әзірленді. Ауылды құмды бархандардан қорғау бойынша жұмыс аз емес, 30 гектардан аса аумақты қамту қажет", - дейді табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.
Құм төбелері 30 ауылға жақындаған. Құм басудан сексеуіл отырғызу арқылы табиғи әдіспен күресу жоспарда бар. Табиғи қоршаулар құмды ұстап тұруы керек. Қажетті жасыл белдеуді салу үшін бюджет 367 миллион теңге болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!