Атырау облысында Қызылқоға ауданы білім бөлімінің №9 орта мектебі 48 миллион теңгеге күзет қызметін сатып алуды жоспарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мәліметінше, облыста білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы 3-4 миллион теңге болад.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер сатып алу процесіне араласқаннан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 миллион теңгеге сатып алынған.
"44,5 миллион теңге көлемінде қарды бюджетке қайтарылды", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!