14-18 қазан аралығында Атырау облысында "Заңсыз келуші–2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс-шараның алғашқы күні 131 заңбұзушылық тіркелген.
Атап айтқанда:
- Қазақстан аумағынан шығуға міндеттелген, бірақ елден кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар саны – 50;
- Қазақстаннан он тәуліктен асатын уақыт аралығында кетуден жалтарғандар – 37;
- Визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін қызмет атқарған немесе қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тұлғалар - 42;
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы - 19;
- Заңсыз түрде шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері - 3.
Бір күнде 6 шетел азаматы елден шығарылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!