Атырау облысында бір күнде алты шетелдік елден шығарылды

Атырау облысында бір күнде алты шетелдік елден шығарылды
Фото: Midjourney нейрожелісі

14-18 қазан аралығында Атырау облысында "Заңсыз келуші–2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шараның алғашқы күні 131 заңбұзушылық тіркелген.

Атап айтқанда:

  • Қазақстан аумағынан шығуға міндеттелген, бірақ елден кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар саны – 50;
  • Қазақстаннан он тәуліктен асатын уақыт аралығында кетуден жалтарғандар – 37;
  • Визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін қызмет атқарған немесе қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тұлғалар - 42;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы - 19;
  • Заңсыз түрде шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері - 3.

Бір күнде 6 шетел азаматы елден шығарылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан