Атырау облысы Жылыой ауданында бір аптада екі адам суицид жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" порталына сілтеме жасап.
19 қаңтарда күндіз Тұрғызба ауылында 2004 жылғы тұрғын суицид жасаған. Туыстары тұрғынның денесін қорадан тауып алған. Ата-анасының сөзінше, бала суицид жасайтындай себеп болмаған.
Таяуда Жылыой ауданында тағы бір адам суицид жасаған. Оның себебін анықтау үшін полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!