Атырау облысында ТЖМ құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен түні Құрманғазы ауданында, Ақкөл ауылынан 5 шақырым жерде жеңіл автокөлік лайға батып, қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары автокөлікті лайдан шығарып, тазартылған қауіпсіз жол бөлігіне сүйреп апарды. Көлік ішінде 5 адам болған.
Сонымен қатар, Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан 20 шақырым жерде бұзылып қалған шағын автобустан 18 адам Құлсары қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық азаматтар аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді.
ТЖМ шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы мен жол жағдайларын ескеру керегін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz