Атырау облысындағы Бақсай су арнасында 8,5 млн шабақ құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасып жатыр.
"21 қаңтарға дейін 2 млн-нан аса шабақ құтқарылды. Жалпы бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды", - деп жазылған хабарламада.
Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жіберіліп жатыр.
"Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жаппай балық қырылып жатқаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!