Атырау облысында балық қырылып жатыр: 9 миллионға жуық шабақ құтқарылды

Атырау облысында балық қырылып жатыр: 9 миллионға жуық шабақ құтқарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Атырау облысындағы Бақсай су арнасында 8,5 млн шабақ құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасып жатыр.

"21 қаңтарға дейін 2 млн-нан аса шабақ құтқарылды. Жалпы бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды", - деп жазылған хабарламада.

Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жіберіліп жатыр.

"Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жаппай балық қырылып жатқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget