Атырау облысында балаларын қараусыз қалдырған 3 ата-анаға айыппұл салынған

Атырау облысында жыл басынан бері 12 адам суға кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Оның екеуі бала. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов мәлімдеді.

"Атырау облысының аумағындағы су айдындарына үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесінде биыл өзендерде қауіпті 70 учаске анықталып, бұл учаскелерде шомылуға тиым салынды. Осындай учаскелерге 238 тиым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылды", - деді Бақыт Абланов.

Сонымен қатар, балаларын қараусыз қалдырған 3 ата-анаға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз