Атырау облысында ауылдасы кәмелетке толмаған баланы өлімші етіп сабаған

Атырау облысында ауылдасы кәмелетке толмаған баланы өлімші етіп сабаған
Фото: gorvesti.ru

Атырау облысында ауылдасымен жанжалдасып қалған 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға биыл 4 шілдеде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сартоғай ауылында болған. Жігіт ауыр соққылар алды.

Бұл дерекке байланысты полицейлер "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.

"11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының ұйғарымымен күдіктінің әрекеті "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сарапталып, 13 шілдеде қамауға алынды. Сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, істің тергеу барысы ерекше бақылауда", - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек