Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Ақпаратты басылымға әкімдік қызметкерлері растаған.
Басылым мәліметінше, бұл жағдай Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болғаны-болмағаны - белгісіз. Ринат Жанқылыш суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған.