Атырау облысында анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті
Фото:
Көрнекі сурет: ТЖД
Атырау облысында өрт шығып, анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 11 қарашада таңғы 05.00 шамасында Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылында болған.
Өрт үйдің қасындағы 72 шаршы метр ғимараттан шыққан. Салдарынан 66 жастағы әйел адам мен 35 жастағы ұлы өртеніп кеткен.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 58 жастағы ер адамның екі қолын күйік шалып, 5 жастағы немерелері түтіннен уланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өрт 05.52-де өшіріліп, сағат 06.30-да толығымен сөндірілді.
Қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина