Атырау облысында адам сүйектері табылған: әкімдік пікір білдірді

Атырау облысында адам сүйектері табылған: әкімдік пікір білдірді
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

​Атырау облысы Жылыой ауданында адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тұрғызба ауылынан адамның бас сүйегі табылған. Бұл жағдайға байланысты алғашында түрлі пікір айтылған: бірі карьерден топырақ тасыған КаМАЗ арқылы келді десе, енді бірі тасыған сумен келгенін айтқан. 

Үшінші пікір де бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Аққұдық елді мекеніне шығатын жақта зират орналасқан. Көнеден қалған зират ауыл ішінде қалған, жан-жағында тұрғын үйлер бар. 

Аудан әкімдігі өкілдері жағдайға пікір білдірді.

"Қорымнан бірнеше рет адам сүйектері шығып, ашылып қалып, балалар ауыл ішіне дейін әкелген жағдайлар болды. Ол қорымның шет жақтарында ертеректе көмілген адам мүрделері бар. Құлпытастары жоқ. Шығып қалған сүйектерді әкімдік мамандары апарып көміп те жүр. Негізі зират қоршалған. Мамандар ескі зиратқа табылған бас сүйекті көмді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget