Атырау облысында 9,7 млн теңге залал өтемеген адам сотталды

Атырау облысында 9,7 млн теңге залал өтемеген адам сотталды
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Атырау облысында 9,7 млн теңге залал өтемеген адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысында 9,7 млн теңге залал өтемеген адам сотталдыемлекетке келтірілген 9,7 млн теңге залал өтелмеген - бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Сотталушыға бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сақтағаны үшін айып тағылған (ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы).

Бірінші сатыдағы сот оны 20,8 кг бекіре тұқымдас балықты заңсыз сақтағаны (ҚК-тің 339 – бабының 2-бөлігінің 5-тармағы) және сол арқылы мемлекетке 10,7 млн теңге көлемінде ірі залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Бұрын шығарылған үкімдердің жиынтығы бойынша (ҚК-тің 60-бабының 1 және 4-бөлігі) сотталушы 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Одан мемлекет пайдасына 9,7 млн теңге мүліктік залал өндірілді.

Прокурор үкіммен келіспей, жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес келмейтінін көрсетіп, апелляцияға өтінішхат жолдаған.

Апелляцияда анықталғаны:

Сот жаза тағайындау барысында сотталғанның қылмыс жасаған кезде жазасын өтеп жатырғанын (бұрынғы үкім бойынша бас бостандығын шектеу жазасы) және пробациялық бақылауда болғанын ескермеген. Ол бұған қарамастан және түзелу жолына түсуді қаламай, тағы да ауыр санаттағы қылмыс жасаған. Сонымен қатар, ол 9,7 млн теңге шығынды өтемеген.

Апелляция шешімі:

Баяндалғанды ескере отырып, сотталғанға қатысты үкім өзгертілді: ҚК-тің 60-бабының 1, 4-бөліктерін қолдана отырып, ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша ол 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сотталған сот залынан қамауға алынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина