Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды

Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды
Фото: gov.kz

Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кейінгі мәліметтерге сәйкес құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионға жетті.

Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.

"Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберіліп жатыр. Құтқарылған балық түрлері - орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жаппай балық қырылып жатқаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget