Атырау облысында құтқарушылар жолда қалып қойған 57 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 маусымда табиғат аясына демалуға шыққан отбасылар кешке қайтар жолда нөсер жауынға тап болған. Салдарынан Атырау қаласынан 7 шақырым қашықта орналасқан Алмалы ауылы маңындағы топырақ жол батпаққа айналған. Бірнеше жеңіл көлік қозғалысын жалғастыра алмаған.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техника көмегімен азаматтарды эвакуациялады. Нәтижесінде 57 адам, соның ішінде 19 бала Алмалы ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, оларға медициналық көмек қажет болмады", - деді ТЖМ өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!