• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Атырау облысында 53 ауыл ішімдіктен бас тартты

Атырау облысында 53 ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: Midjourney

Атырау облысында 53 ауылда ішімдік сатылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылы тұрғындарының бастамасына өңірдегі елді мекендер осылай үн қосқан. Мұндағы дүкендерде арақ-шарап сатылмайды, тойлар мен отбасылық мерекелер ішімдіксіз өтеді.

Бұл ауылда өткен екі жылда бірде-бір бұзақылық, қылмыс тіркелмепті. Ұсақ кикілжіңдер ақсақалдар алқасымен шешіледі. Салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісін ұсынған Құрылыс ауылы халқының бастамасы бүгінде облыс тұрғындары арасында кең қолдау таба бастаған.

"Осы үлгіні облысымыздағы басқа аудандарға жолдап, қазір Қызылқоға ауданында 17 елді мекен, Құрманғазы ауданында 16 елді мекен ішімдіктен бас тартты. Сол ауылдағы ақсақалдар, ауылдық әкімдік, белсенді азаматтар жиналыс жасап, осындай шешім қабылдап отыр", - деді Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуәлиев.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартқаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget