Атырау облысында 50-ден аса ауыл ішімдіксіз өмір салтын таңдаған. Мұндай елді мекендерде қоғамдық тәртіп деңгейі жоғары, өзара түсіністік пен ынтымақ орнаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, Атырау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылында 47 үйде 272 адам тұрады. Шағын ғана ауыл болғанымен, Еңбекшілде бірлік пен татулықтың, өзара сыйластықтың үлгісі байқалады. Ауылда бір мектеп, медициналық пункт және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ұсынатын жалғыз дүкен жұмыс істейді.
"Биыл ауыл тұрғындары өзара келісе отырып, ішімдік сатуға да, ішуге де толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады. Қазір ауылға келсеңіз, тыныштық орнаған, адамдардың ой-санасы өзгеріп келеді. Ішімдіксіз өмірдің де сәні мен мәні бар екенін бәрі түсінді", – дейді полиция қызметкері Айдос Сейтқазиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек