- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында 5...
Атырау облысында 5 айда мемлекетке 15,2 миллиард теңге өндірілген
Атырау облысында 5 айда мемлекетке 15,2 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы өңірдегі қолайсыз экологиялық жағдайға назар аударған болатын. Облыс прокуратурасы жүргізген табиғат қорғау заңнамасы саласындағы тексеру шеңберінде ағымдағы жылдың 5 айында бюджетке 15,2 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.
Осылайша, жер қойнауын пайдаланушымен экологиялық рұқсатсыз 5 млн м3 көлемінде шикі (күкіртті) газдың қалыптан тыс жоғары көлемін жағуға жол берілген.
Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі (қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша жауапқа тартылып, оған 12,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина