- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында 38...
Атырау облысында 38 миллион теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Фото:
©Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Атырау облысында жеке компанияға заңсыз өтіп кеткен мүлік мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Махамбет ауданының прокуратурасы 38 000 000 теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды.
Талдау нәтижесімен Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен "Первомайский" ЖШС-не понтонға орнатылған су насосы станциясы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған.
Шаруашылық субъектісі понтондық станцияны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырған.
Аудан әкіміне енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынумен мүлік мемлекетке қайтарылған.
Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина