Атырау облысында 11 жастағы баланы қағып кеткен зейнеткер екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "АқЖайық".
Жылыой аудандық сотында былтыр 20 қазанда Құлсарыда 11 жастағы баланы өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған.
Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушының кінәсі сараптама қорытындысымен, оқиға орнынан түсірілген видеомен толық дәлелденген. Прокурор 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленушінің өкілі заң талаптарына сәйкес үкім шығаруды сұраған. Сотталушы өз кінәсін мойындаған.
Сотталушы 3 жыл мерзімге көлік тізгіндеу құқығынан және екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тараптың пайдасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!