Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы - экономист.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.
1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.
2003-2006 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор болды.
2006-2008 жылдары энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.
2008-2011 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.
2012-2014 жылдары - мұнай және газ вице-министрі.
2014 жылғы қыркүйектен бастап AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры болды.
2016 жылғы ақпаннан бастап "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары - энергетика вице-министрі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді.
2019-2021 жылдары - Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.
2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін - "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2022 жылғы 11 қаңтарда энергетика министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!