- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атырау облысына 15-20...
"Атырау облысына 15-20 күнде су жетуі мүмкін" - Қанат Бозымбаев
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысынан онлайн брифинг өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қанат Бозымбаев өңірдегі ахуал жайлы баяндады.
"Жайық өзені деңгейінің көтерілуне байланысты, Ақтөбе облысынан Елек өзенінің суын есептегенде, оған қоса Ирикли (Ресей) су қоймасынан көбірек судың келуіне байланысты өңірде әлі де су тасқыны қаупі жоғары. Бұл едәуір үлкен тәуекелдер. Мен әкімдік пен жергілікті атқарушы органдарға Жайық өзенінде судың тасуына байланысты болжау жұмыстарын екі күн ішінде әзірлеуді тапсырдым. Біз Жайық өзенінің деңгейі едәуір көтеріледі деп күтіп отырмыз. Ресей шекарасынан судың жетуі шамамен әдетте 20-25 күнде келетін. Бірақ бұл жолы 15-20 күннің ішінде жетуі мүмкін", - дейді Бозымбаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы