Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік Атырау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпарат жария етілмейді.
Ведомство ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!