Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт толық сөндірілді, жағдай бақылауда. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту штаттық режимде жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері анықталады", - деді зауыт өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаны хабарланды. Зауыттың баспасөз қызметі мәліметінше, 25 тамызда сағат 12:35-те жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) тұндырғышында өрт шыққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова