Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зауыттың баспасөз қызметі мәліметінше, 25 тамызда сағат 12:35-те жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылыстарының (МТҚ) тұндырғышында өрт шыққан.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Оқиға болған кезде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Тұндырғыштың ішінде тұрған мұнай шламы жанған.

"Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!