"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі АМӨЗ бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Azh.kz мәліметінше, 29 қыркүйекте шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Somerset қонақүйінде "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі директоры Мұрат Досмұратов көз жұмған.
"Алдын ала деректер бойынша өлім себебі - жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның клиникалық өлім жағдайында екенін анықтап, жансақтау шараларын жасаған, алайда құтқарып қалу мүмкін болмаған", - деп жазды басылым.
Айта кетейік, Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызмет атқарған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова