- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау мен Ақтөбеде...
Атырау мен Ақтөбеде шабуыл туралы хабардан кейін оқушылар сабаққа келмеген
Атырауда кеше оқушыларға шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тараған еді. Осыдан кейін бүгін әл-Фараби атындағы Binom мектеп-лицейінің бірінші ауысымындағы оқушылардың 16 пайызы ғана сабаққа келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Ал Ақтөбеде 50 мыңға жуық бала сабаққа бармаған.
"Кеше кешке Ақтөбе және Атырау Полиция департаменттері құпия лаңкес ұсталғанын хабарлағанына және қауіпсіздікке кепілдік бергеніне қарамастан, бүгінде көп ата-ана балаларын үйде қалдыруды жөн көрген", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Атыраудағы Д.Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейіндегі 2000 оқушының 1134-і сабаққа келген.
Атырау қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі өкілі бүгін қала мектептерінде де сабаққа келген бала саны азайғанын, бірақ айтарлықтай емес екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе мектептерінде террорлық шабуыл жасалатыны туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталғаны хабарланды. Ол 18 жастағы шетел азаматы болып шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова