- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау қаласының 38...
Атырау қаласының 38 жастағы әкімі жалақысы қанша екенін айтты
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасында айтты. Мейірім Қалауи 38 жасында пәтерді қалай алғанын, ата-анасына салып берген үй туралы айтты.
"Жер учаскесін тегін берді. Пәтерді 12 жыл ипотека төлеп алдым. Ата-анам үйін өздері салды. Әкем өмір бойы зауытта жұмыс істеген, анам мұғалім. Жалақым 840-850 мың шамасында", - дейді Мейірім Қалауи.
Айта кетейік, қала басшысы бұған дейін 2021 жылдың шілде айынан бастап Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен болатын. Мейірім Қалауи ол кезде жалақысы шамамен 350 мың болғанын айтады.
Еске салайық, Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып былтыр 4 наурызда тағайындалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина