Атырау облысындағы Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде орта ғасырда салынған үйлердің қабырғалары мен басқа да құнды жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық өлкетану музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабыловтың айтуынша, қазба жұмыстары 4 қыркүйекте басталған.
"Археологиялық қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар, орта ғасырлық монеталар табылды. Бүгінгі күнге дейін 800 шаршы метрге жуық алаңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экспедиция құрамында облыстық өлкетану музейі қызметкерлерімен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген ауыл тұрғындары да бар. Барлығы - 30 адам. Алдағы уақытта олардың қатары артады. Әзірге табылған жәдігерлрге ғылыми қорытынды жасалған жоқ", - деді Е.Тілекқабылов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!