Атырау-Индер тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бір әйел мен оның екі қызы мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 шілде сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123-шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты.
Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары - БҚО тұрғындары.
Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!