Атырау-Доссор жолында жол апаты болып, шетелдік азамат қаза тапты

Атырау-Доссор жолында жол апаты болып, шетелдік азамат қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

Салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!