Атырау әуежайында шетелдік азамат қайтыс болды

Атырау әуежайында шетелдік азамат қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

"Аэрофлот" әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонғаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, жолаушының өлімі туралы дерек 25 тамызда Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде тіркелген.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған алғашқы кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша өлімге жүрек ауруы себеп болған. Полиция өзге мәліметті әзірге жариялаған жоқ.

Айта кетейік, бұл ақпарат алғашында әлеуметтік желіде тарады. Түркиядан Ресейге бет алған "Аэрофлот" ұшағының жолаушысы Атырау халықаралық әуежайында көз жұмғаны айтылды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес ұшақ Анталиядан Екатеринбургке бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша ұшу кезінде 41 жастағы жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған. Ер адам Түркиядағы демалыстан үйіне қайтып бара жатқан. Осылайша экипаж бағытты өзгертіп, Атырауға шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы қайтыс болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget