Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізілді.
Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін заң бұзылған. Атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, сондай-ақ, 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау дерегі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, орындалу мерзімі 1 ай болатын анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-қимыл жоспары жасалды.
Алайда бұл ескертулер мерзімінде жойылмаған, сондықтан "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!