- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атырау-Астрахань" пойызындағы баланың...
"Атырау-Астрахань" пойызындағы баланың өлімі дерегі бойынша іс қозғалды
"Атырау-Астрахань" пойызындағы баланың өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл істі тексеру үшін білім басқармасымен бірге арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Атырау облысының білім басқармасы мәліметінше, "Атырау-Астрахань" теміржол бағыты бойынша 77 адамнан тұратын топ (4 ересек адам, 73 бала) "Геолог Казахстана" санаторийіне (Железноводск) жіберілген.
"Жолға шыққаннан кейін бір жарым сағаттан соң бір баланың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылды, ол Нарын станциясына жетті. Келген кезде жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын хабарлады. Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, осы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеретін комиссия құрды. Жолда топтың өз тамағы болғанын да хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, қылмыстық іс қозғалды", - деді ведомство өкілдері.
Ведомство қайтыс болған баланың отбасына қажетті көмек көрсетілетініне уәде берді.
Еске салайық, 2010 жылы туған бала лагерьге бара жатқан жолда пойызда қайтыс болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан