- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атырау-Астрахань" пойызында лагерьге...
"Атырау-Астрахань" пойызында лагерьге бара жатқан бала қайтыс болды
"Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала лагерьге балалар тобымен бара жатқан. Олардың жанында төрт ересек адам болған. Тамақты өздері алып келгені айтылған.
"Пойыз жылжығаннан кейін 1,5 сағаттан соң баланың жағдайы нашарлаған. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етті, жедел жәрдем шақырылды, ол Нарын станциясына келді. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде баланың қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Өлім себебі сараптамадан кейін белгілі болатыны айтылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан