Атырау аспанында әскери жойғышқа ұқсас ұшақ байқалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, ұшақ Нарсуд ауданының үстінен ұшып өтіп, одан әрі Сауда қоры мен Жилгородок бағытына қарай бет алған. Бұл кадрлар қала тұрғындары арасында қызу талқылау тудырып, көпшілікті қызықтырды.
Редакция Қазақстан Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте ведомстводан жауап келмеген. Министрлік пікір білдірсе, ақпарат толықтырылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz