Атырау – Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

Атырау – Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді
Фото: Tengrinews.kz

25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша бара жатқан жолаушының босануына көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылдың 25 мамырында №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті.

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан әйелді жолда толғақ қысты. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді.

Нұсқауға сәйкес, жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. 

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел-жәрдем қызметкерлері күтіп алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан