Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, елімізде Атом есімді 5 адам тұрады екен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атом есімді азаматтың ең кішісі – 3 жаста, ең үлкені – 66 жаста екен. Жалпы, Атомжан, Атомбек, Атомтайлардың 80 пайызы 47 жастан асқандар.
Атында "атом" түбірі есімін иеленген қазақстандықтар – Ақмола, Қостанай облыстарында және Алматы, Астана қалаларында тұрады. Олар – Атомжан (2 адам), Атомбек (6 адам), Атомвек (2 адам) және Атомтай (1 адам).
Айта кетейік, 6 қазан күні Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!