Бүгін 15 ақпан Роза Әлқожаның ұлының туған күні. Әнші Желідегі парақшасында ұлын құттықтап, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің ұлы 17 жасқа толды.
"Жап-жарығым, сен енді жігіт болдың!
17 деген белеске жетуіңмен!
Жан біткеннің Арысы бол деп Ғалым Жайлыбай әкең атыңды қойған. Үмітімізді ақтап, өнердің Арысы бол!
Алла ғұмырыңды ұзақ етіп, бағытың айқын, бағың басым болсын!
Сен - ең жарық жұлдыз, ең ақылды ұл, ең жақын сырласымсың. Арманыңа жет, Алаштың Арысы бол!" - деп жазған Роза Әлқожа.
Айта кетейік, бұған дейін "Алтыншы баламыз деп қабылдадық". Роза Әлқожа жаңа түскен келініне тосынсый жасағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!