- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атынан аулақ..." Қазақстандықтар...
"Атынан аулақ..." Қазақстандықтар АЭС құрылысына қарсы екінші петицияға қол жинап жатыр
Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласында атом электр станциясы салынуы мүмкін екені айтылған болатын. Қазақстандықтар бұған қарсы петицияға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұрат Асержанов - петиция авторларының бірі. Ол Балқаш қаласының тұрғыны, бірақ Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар және басқа қалалардан келген 15 жақтас адамның атынан сөйледі. Олардың арасында әртүрлі саладағы белсенділер мен мамандар бар.
"Соңғы жылдары Балқаш көлі таязданып бара жатыр. Су жағалаудан бірнеше шақырымға алыстап кетті. Біз Балқаштың кеуіп қалуынан, тартылып қалуынан қорқамыз. Осы ретте референдум өткізілуі керек. Бұл мәселе Балқаш тұрғындарының ғана емес, бүкіл Қазақстанның проблемасы. Мұндай проблеманың соңы әрқашан қайғылы аяқталады", - деді наразы топ.
Энергетика министрлігі өкілі энергия тапшылығы проблемасын шешуге атом электр станциясын салудан басқа шешім жоқ екенін айтады. Ал Үлкен елді мекені ең сәтті орын болып отыр екен. Ведомство өкілдері атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері туралы зерттеулер жүргізгендерін жеткізді. Көмір станцияларын салуға инвестиция тарту қазір жоғары экологиялық талаптарға байланысты қиындаған. Ал жел мен күн энергия станциялары үнемі іске аса бермейді және оны қуаттау да қымбатқа шығады.
"Нысан неғұрлым күрделі болса, соғұрлым оның қауіпсіздігіне назар аударылады. Барлық 3+ буын атом станциялары қазірдің өзінде барлық сабақты, соның ішінде Фукусима сабақтарын ескереді. Пассив қауіпсіздік жүйелері бар. Бұл реактордың қосымша күш жұмсамай тоқтауына әкелетін қауіпсіздік жүйелері. Мысалы, қосымша электр энергиясы болмаса, ауырлық күштері арқылы су құйылады", - дейді ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова.
Атом электр станцияларын салуды энергетиктер қос қолдап қолдап отыр. Көміртекті бейтараптық жағдайында бұл тәулік бойы және жыл бойы энергия алудың жалғыз технологиясы екен. Сонымен қатар, белгіленген қуаттың 90 пайызы пайдалануға мүмкіндік береді. Ал жасыл технологиялар 40 пайыздан аспайды.
Экологтар, керісінше, дамыған елдер бүгінде АЭС-тен бас тартқанын айтады. Олардың сөзінше, пайдасынан гөрі зияны көп. Олар құрылысқа бөлінген ондаған миллиард долларды игеретіндерге ғана пайдалы. Бұл ретте радиоактив қалдықтарды кәдеге жарату технологиялары жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданының əкімдігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағында атом электр станциясының салынуына қатысты халықпен кездесу өткізгені хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz