Танымал актер Шерхан Пірназар "1001" түн бағдарламасында қандай рөлде түсуді армандайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер өзі армандаған рөлді сомдағанын, алайда ол жоба жарыққа шықпай жүргенін айтты.
"Мен осыдан үш жыл бұрын "Тағдырлы қала" деген көп бөлімнен тұратын драмалық-көркем фильмге түстім. Сол жерде 16 жастан 59 жасқа дейін өзім ойнадым. Белгілі бір себептерге байланысты ол жоба шықпайтын болды. алдағы уақытта шығып қалатын шығар. Бірақ көптен күткен, армандап жүрген образдарымның бірі. Бұл салада жүрген адамдардың барлығы мұндай рөлден бас тартпас еді деп ойлаймын. Себебі 16 жастан бастап 59 жасқа дейін бүкіл жасты өзім ойнап шықтым. Ауқымды рөл болды. Әзірге шықпай тұр. Шықса екен деймін. Шықса, аты шулы жобалардың бірі болады деп ойлаймын. Айтары бар, астары бар жоба", - деді актер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!