Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы адам қаза болғанда жақындарына қалай дұрыс көңіл айту керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырманының сұрағына дінтанушы тікелей эфир кезінде жауап берген. Нұрлан Байжігітұлы ең алдымен сөзбен көңіл айту керегін атап өтті. Яғни "иманды болсын, Құдай жарылқасын" деген секілді сөздермен көңіл айту керек.
"Аты жоқ, жөні жоқ құшақтауды қойыңыздар. Бізде құшақтау бар. Тек жақын адамдарды құшақтайды. (...) Қасына тұрып, жұбату сөздерімен көңіл айту керек. Ал ағайын, жақын, туыс, бауырлар бір-бірімен иық қағып құшақтасса бола береді. Бас жоқ, аяғы жоқ құшақтаса беру дұрыс емес", - деп түсіндірді дінтанушы.
@baqytzhankyzy7 #нұрланимам #нұреке #нұрланұстаз #көңілайту ♬ оригинальный звук - Цветочек ?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!